сұрақ
Жеке үйге арналған интернет: қайсысы ең жақсы байланыс?
Өз үйіңізге интернет қосудың бірнеше нұсқасы бар:
Бірінші тәсіл: ADSL технологиясы бойынша телефон желісі арқылы қосу
Артықшылықтарынан мыс кабель арқылы тұрақты байланыс пен интернет желісіндегі шектеусіз трафикті атап өтуге болады.
Кемшіліктеріне келетін болсақ, өкінішке қарай, әрбір жеке секторда мыс кабель арқылы қосу үшін желілер тартылмаған, мұны нақтылау үшін сіз біздің сайтта өтінім қалдыра аласыз немесе +7 (701) 006-41-70 нөмірі бойынша кеңес ала аласыз
Екінші тәсіл: сымсыз модем көмегімен жеке үйге интернет қосу, интернет тарату LTE технологиясы бойынша немесе қарапайым сөзбен айтқанда ұялы байланыс арқылы интернет жүзеге асырылады.
Бұл нұсқаның артықшылығы — сымсыз LTE модемін электр қуаты мен модемнің жұмыс істеуі үшін розетка бар кез келген жерде қоюға болады. Яғни сіз оны өзіңізбен бірге ҚР кез келген қаласына немесе ауылына апара аласыз.
Қосудың бұл әдісінің кемшілігі — таңдалған тарифке байланысты интернет трафигі лимитінің шектелуі. Сондай-ақ интернет байланысы сымсыз және тұрақсыз, ұялы байланыс жақсы жұмыс істейтін белгілі бір аудандарда интернет байланысының жылдамдығы қолайлы болады, ал ұялы байланыс нашар түсетін елді мекендерде немесе қала нүктелерінде интернет жылдамдығы төмендеуі мүмкін.
Қорытынды: Егер сізге жеке үйге тұрақты интернет керек болса, онда телефон желісі арқылы қосу нұсқасы сізге қолайлы. Егер сізге мобильділік және кіру нүктесін бір мекенжайдан екінші мекенжайға өзіңізбен бірге көшіру мүмкіндігі қажет болса, онда сымсыз модемі бар нұсқа қолайлы.